Ақтөбеде балаларға бұрышты газ баллонын шашқан жасөспірім шекарада ұсталды
08.07.2024 15:37
Фото:
instagram.com/polisia_aqtobe
Ақтөбеде өз беттерінше ойнап жүрген балаларға бұрышты газ баллонын шашып, оқиға орнынан қашып кеткен күдікті қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, кәмелет жасына толмаған бала Қазақстан мен Ресей шекарасында ұсталды. Жасөспірім балаларға қарсы газ құтысын қолданғаны үшін бұзақылық ісі бойынша іздеуде болған.
Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы тарады.
Ресейлік басылымның жазуынша, 14 жасар бала Қазақстан тумасы, 2021 жылдан бері Саратов облысында анасымен бірге тұрады. Жазғы демалыс кезінде Қазақстанда тұратын әкесінің қасына келген.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

