Ақтөбеде ауыл маңында ойнап жүрген бала суға батып кетті
25.03.2024 05:28
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Қайғылы жағдай Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ебейті ауылында тіркелді. Ойнап жүрген бала құлап, су жұтып қойған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға бүгін сағат 13:00 шамасында тіркелді.
Ебейті ауылының жанында Ебейті сайы бар. Оған қар суы жиналып жатыр. Бүгін 2020 жылы туған 4 жасар бала суға батып, қайтыс болды. Балалар сол маңда ойнаған, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Оның жанында болған тағы бір бала дін аман. Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпеновтің айтуынша, сай ауылдан 150 метр жерде орналасқан, тереңдігі шамамен 10-15 см болады. Ол жерде ауылдағы ағайындалардың балалары барып ойнаған. Ебейті ауылы су басу қаупі бар ауылға жатпайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

