Жаңалықтар

Ақтөбеде әріптесін өлтірген шекарашы үш жылға сотталды

Ақтөбеде әріптесін өлтірген шекарашы үш жылға сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 20.09.2024 12:34 454

Ақтөбе облысында әріптесін атып жіберген қызметкерге үкім шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы жағдай 2023 жылдың 2 желтоқсанында Ақтөбе облысында орналасқан, ҚР ҰҚК қарасты «Қиялы» шекара заставасында болған. Бастапқыда әскери қызметкер Байбақтинге «Адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылған. Кейін «Аффект жағдайында адам өлтіру» бабына ауыстырылды.

Куәгерлер қаза тапқан адамның Байбақтинге үнемі қысым жасағанын растады.

Жәбірленушінің тарапынан жасалған аморальды және заңға қайшы әрекеттерінен болған ұзақ уақыттық күйзеліс, қатты эмоционалдық шайқалу кезінде орын алған өлім, - деп хабарлады сот.

Байбақтин кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Моральдық өтемақы төлейді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға