Жаңалықтар

Ақтөбеде анасы мен баласын өлтірген күдікті қамалды

Ақтөбеде анасы мен баласын өлтірген күдікті қамалды
Фото: El.kz 10.04.2023 21:38 960

Ақтөбе қаласында анасы мен ұлын өлтірген күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» туралы бұлтартпау түріндегі шарасы қабылданған. Екі айға санкция беріліп, ол 31 мамырға дейін жалғасады.

Еске салсақ, 29 наурыз күні сағат 5:30-да «102» телефонына Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен екі мәйіт табылғаны туралы хабарлаған. Жедел тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлық белгілері бар мәйіттерін тапты. Сонымен қатар, қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жаңсақтау бөліміне жатқызылды. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүрді.

Ал жараланып, аман қалған 13 жастағы қызға ота жасалды. Мойын тұсындағы қан тамыры, кеңірдегі кесіліп-тесілген. Қазіргі кезде жәбірленуші жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға