Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың ескерткіш-бюстіне гүл шоқтары қойылды
14.01.2025 22:09
Фото:
Ақтөбе облысы әкімдігі
Ақтөбеде Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың қаза тапқан күніне арналған еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жастар, қоғам қайраткерлері мен ардагерлер Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы Шернияз көшесінде орналасқан батырдың бюстіне гүл шоқтарын қойды. Батыр қызымыз Әлияның ерлігін еске алып, тағзым етті.
Қатысушылар Әлия Молдағұлованың Отан қорғау жолындағы ерлігі – бүгінгі және келер ұрпаққа ұлы өнеге екенін атап өтті.
Облыс әкімдігі бұл іс-шара ел жастарына батырдың рухани мұрасын ұлықтау және ұрпақ бойында патриотизм сезімін нығайту мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

