Жаңалықтар

Ақтөбеде 89 млн теңге жымқырған телеарна қызметкерлері сотталды

Ақтөбеде 89 млн теңге жымқырған телеарна қызметкерлері сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 14.08.2023 17:45 1565

Ақтөбеде 89 млн теңге жымқырған телеарна қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе қаласы №2 сотында "Қазақстан" телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы  Ақтөбе филиалының үш бірдей бұрынғы қызметкеріне Қылмыстық кодекстің "Қызмет бабын пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшерде бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену" бабы бойынша айып тағылды.

Тергеу "Қазақстан республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалының 2018 жылғы ақпаннан 2021 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде жүргізілген. Іс материалдары бойынша, бас есепші К. сатып алу жөніндегі маман-заңгер Е. және есепші У. алдын ала сөз байласу арқылы бағдарламаларды түсіруге, іс-шараларды ұйымдастыруға, сурдоаударма жасауға, мерекелік бағдарламаларды өткізуге, дезинфекциялауға, декорациялауға байланысты қызметтерді көрсету бойынша жалған төлем операцияларын жасаған. Нәтижесінде компанияға 89 093 879 теңге сомасында материалдық залал келтірген.

Айыпталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, алу хаттамаларымен, сараптама қорытындыларымен, аудиторлық тексерумен және басқа да дәлелдемелер жиынтығымен расталады.

Мемлекеттік айыптаушы бас есепші мен сатып алу жөніндегі заңгерді 8, ал есепшіні 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, оларды өмір бойына коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда 10 жылға басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыруды сұрады.

Сот үкімімен үш қызметкерге де 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға