Жаңалықтар

Ақтөбеде 75 жастағы әйел мен баласы пәтерден өлі күйінде табылды

Ақтөбеде 75 жастағы әйел мен баласы пәтерден өлі күйінде табылды
Фото: telegram.com/Диапазон 28.07.2023 15:37 833

Ақтөбедегі 8 шағын аудандағы көппәтерлі үйден көршілер жағымсыз иіс сезіп полицияға жүгінген. Полиция пәтерді ашып, екі мәйітті тапқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" сайтының telegram арнасына сілтеме жасап.

23 шілдеде Ақтөбе қаласының пәтерлерінің бірінен 75 жастағы әйел мен оның 44 жастағы ұлының мәйіті табылды. Өзге ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады Ақтөбе облысы полициясының баспасөз қызметі.

Пәтер иесі мұғалім екені белгілі болды. Ол ауырып, жалғыз тұрған, солайша ұлы анасына барған.

Біз полиция шақырдық, шыбындар ұшып, иісі өте жағымсыз еді. Полиция келіп, бәрін қоршап алды, оларды алып кетті,- деді көршілер.

Қазір пәтер мөрленген, есіктерде арнайы бояудың іздері тұр, саусақ іздерін алған болуы керек. Ал көршілер осы пәтерде дезинфекция жүргізуді сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға