© Pixabay.com

Ақтөбеде 22 жасар жігіт құтқарылды

06.07.2024 20:00

Ақтөбе облысында 22 жасар жігіт суға батып кете жаздады. Оған дер кезінде құтқарушылар көмекке келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс орталығындағы Елек өзенінің жағалауын патрульдеу кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2002 жылы туған ер адамды құтқарып, жағаға алып шықты.

Үрлемелі қайықтағы 22 жастағы тұрғынды су ағысы жағадан алысқа алып кеткен. Жас жігітке медициналық көмек қажет болмаған.