Жаңалықтар

Ақтөбеде 21 жастағы курсант қан құсып қайтыс болды

Ақтөбеде 21 жастағы курсант қан құсып қайтыс болды
Фото: © El.kz 29.11.2023 10:05 1221

Малғаждар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанты облыстық фтизиопульмонологиялық орталықта көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Курсант облыстық фтизиопульмонологиялық орталыққа 21 қарашада жеткізіліп, бірден жансақтау бөліміне түскен. Оған қос өкпесінің 80 пайызы зақымданғандықтан, екі жақты пневмония диагнозы қойылған. Инфекциялық-токсикалық шок болған.

Инфекциялық эндокардиттің ауыр түрі еді. Екіжақты экссудатив плеврит те белгілі болды. Ол қан құсқан. Оған қоса, жеңіл дәрежеде қаназдық дертіне шалдыққан. Бірден ем жүргізіліп, күн сайын консилиум өтті. Оған штаттан тыс бас пульмонолог Л.М.Төлегенова қатысты. Өкінішке қарай, науқас 27 қарашада көз жұмды. Өкпе-жүрек жетіспеушілігінен деп айтылып отыр. Курсанттың денесі сот-медициналық сараптама орталығына берілді. Барлығы сол сараптамадан кейін нақты анықталады, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Малғаждар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты да болған қайғылы жағдайды растағанмен, ақпарат таратпаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға