Ақтөбеде 120-дан астам шетел азаматын заңсыз жұмысқа орналастырған
29.03.2025 11:15
Фото:
ҰҚК
ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті жергілікті тұрғынмен ұйымдастырылған заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу барысында 120-дан астам шетелдік азаматты жалған жұмысқа орналасу мен тұрғылықты жерлеріне тіркеу арқылы заңнаманы айналып өтіп, ел аумағында заңдастырылуына мүмкіндік берген схема анықталды.
2025 жылғы 20 наурызда Ақтөбе қаласы сотының шешімімен ұйымдастырушы Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылып, бір жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұруға заңсыз алған рұқсаттарының күші жойылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

