Жаңалықтар

Ақтөбеде 10 жасар қыз алаяқтардың құрбаны болды

Ақтөбеде 10 жасар қыз алаяқтардың құрбаны болды
Фото: El.kz 19.09.2023 17:21 654

Ақтөбеде 10 жасар қыз алаяқтардың құрбаны болды,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция дерегінше, белгісіз әйел үй телефонына қоңырау шалып, 10 жасар қызға оның анасының жол-көлік оқиғасын жасап, жаяу жүргіншіні қағып кеткенін, анасын жауапкершіліктен құтқару үшін көп ақша қажет екенін айтқан. Өзін тергеуші ретінде таныстырған әйел тіпті телефонды қыздың анасына бергендей кейіп танытқан. “Анасы” жылаған дауыспен баладан үйдегі барлық жинақ ақшаны беріп жіберуді өтінген.

Бұдан әрі алаяқ 10 жасар қызға 700 мың теңге көлеміндегі ақша салынған пакетті өзінің сыбайласына қалай беру керектігін айтқан. Анасының қиындыққа тап болғанына сеніп, шошып қалған бала ақшаны олар айтқан нұсқау бойынша беріп жіберген. Анасы үйге келгеннен кейін ғана баланың алаяқтарға алданғаны белгілі болған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 23 жастағы күдіктіні ұстады. Ол өзінің кінәсін мойындап, әлеуметтік желі арқылы белгісіз адаммен кездескенін айтты. Ол оған жұмыс ұсынған. Міндет – жәбірленушіден ақша алу және барлық соманы көрсетілген “жұмыс берушінің” шотына аудару болған.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға