©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Ақтөбе түрмесінен екі қылмыскер қашып кетті

13.11.2023 14:45

Ақтөбеде уақытша ұстау изоляторынан екі тұтқын қашып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

19 және 25 жастағы күдіктілер кеше таңғы 03:00 шамасында қалың ұйқыға кеткен күзетшілердің қасынан оңай өтіп кеткен. Күдіктілердің бірі ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін, екіншісі бұзақылық бабы бойынша тұтқындалған, - делінген Qazaqstan.tv ақпаратында.

 Полиция қашқындарды ұстады. Қазір күзетшілердің камера есігін жабуды қалай ұмытып кеткені анықталып жатыр.