Жаңалықтар

Ақтөбе тұрғынының бақшасынан 360 келі картоп ұрланды

Ақтөбе тұрғынының бақшасынан 360 келі картоп ұрланды
Фото: © Polisia.kz 05.09.2023 16:32 573

Ақтөбе облысында тұрғынның бақшасынан 360 келі картоп ұрланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

4 қыркүйек күні Мұғалжар ауданының Ембі қаласы полициясының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жеке бақшасынан белгісіз біреудің картопты қазып алғаны туралы арызданды.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, «ізің суытпай» полицейлер күдіктіні анықтады.

Күдікті Ембі қаласының 37 жастағы тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, бұл күні күдікті автокөлігімен Ембінің солтүстігінде орналасқан картоп алқабына келген. Ол картопты қазып алып, көлігіне тиеп алғаны анықталды.

Полиция қызметкерлері заттай дәлел ретінде құны 70 мың теңгеден астам тұратын 360 келі картоп тәркіледі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға