Жаңалықтар

Ақтөбе тұрғыны мас досының кінәсінен көз жұмды

Ақтөбе тұрғыны мас досының кінәсінен көз жұмды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 04.09.2023 06:20 712

Ақтөбе тұрғыны сыра ішіп, жақын досын көлікпен әуежайға алып барған. Салдарынан мас жүргізушінің кінәсінен жол апаты орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Сәңкібай батыр даңғылында болған. 34 жастағы Nissan XTrail жүргізушісі солға бұрылу кезінде қарсы келе жатқан көлікке жол бермей, жол белгілері мен қоршауларға соғылған.

Nissan XTrail көлігінің жүргізушісі жарақатпен ауруханаға түсті. Ал оның әуежайға алып бара жатқан жақын досы, атыраулық азамат оқиға орнында қайтыс болды. Анықталғандай, Nissan жүргізушісі көлікті мас күйінде басқарған, рульге отырмас бұрын досымен сыра ішкен. Алкогольдің кесірінен әуежайға баратын жол өлімге әкелді.

Сот жол-көлік оқиғасына кінәліні 3 жылға бас бостандығынан айырды және 10 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға