«Ақтөбе-Қандыағаш» автожолының қайта жаңартылып жатыр
2024 жылдың соңына дейін «Ақтөбе-Қандыағаш» автожолының қайта жаңару жұмыстарын аяқтау жоспарлануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«ҚазАвтожол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Қандыағаш» автожолының 11-100 шақырымдағы учаскесінде қайта жаңару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жыл басынан бері құрылыс нысанында 125 мың тоннадан аса асфальтобетон қоспасы қолданылып, ол 30 мың шақырымға жуық жолды салуға мүмкіндік берді.
Қайта жаңару жұмыстарының жоспары бойынша 96 шақырым автожол жаңартылып, оның ішінде 78 шақырымы Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына дейін төрт жолақты І-Б техникалық санатына ауыстырылады. Ал тағы 18 шақырымы Қандыағаш қаласын айналып өтетін ІІ техникалық санаттағы екі жолақты болып жабдықталмақ.
Сонымен қатар, жоба аясында 18 көпір құрылысын салу, 66 құбыр тарту және осы жол учаскесінде қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымды соғу жоспарланған.
Аталмыш жол учаскесіндегі қайта жаңару жұмыстары Ақтөбе және Атырау облыстары арасындағы көлік логистикасын жақсартуға, жолдың техникалық параметрлерін оңтайландыруға, жол жүру уақытын қысқартуға және оның өткізу қабілетін арттыруға әкеледі.
Жобаны 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Сондай-ақ, өткенде «Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ» автожолының 773-912 шақырымындағы учаскесінде жол қабатын тегістеу бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы хабарладық. 2025 жылы осы учаскеде І техникалық санатқа көшіру бойынша қайта жаңару жұмыстарын бастау жоспарлануда.