Ақтөбе қаласының күніне орай бәйге өтті
18.05.2025 17:05
Фото:
©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ
Жеңістің 80 жылдығы мен Ақтөбе қаласының күніне орай ұлттық бәйге жарысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы мен Ақтөбе қаласының күніне арналған мерекелік шаралар аясында ұлттық спорттың шоқтығы биік түрі — бәйге жарысы ұйымдастырылды. Ақтөбе қаласында бұл жарыс соңғы төрт жылда алғаш рет өткізіліп отыр.
Дүбірлі жарысқа Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай облыстарынан келген сәйгүліктер қосылып, барлығы 94 ат шапты.
Сәйгүліктердің кең далада құйғыта шауып, шеберлік пен төзімділік танытуы — ата-бабадан қалған асыл мұраны ұлықтаудың жарқын көрінісіне айналды. Бұл жарыс тек спорттық бәсеке ғана емес, халқымыздың рухы мен дәстүрін дәріптейтін тағылымды шара болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

