Жаңалықтар

Ақтөбе қаласының әкімі қызметінен кетті

Ақтөбе қаласының әкімі қызметінен кетті
Фото: primeminister.kz 07.06.2023 00:36 1880

Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жөребеков қызметінен кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін мен сіздермен Ақтөбе қаласының әкімі лауазымындағы қызметімді аяқтағаным жайында және орталыққа басқа жұмысқа ауысатыным туралы жаңалығыммен бөлісіп отырмын. Туған калам – Ақтөбеме қызмет қылу – мен үшін биік мәртебе, зор жауапкершілік, үлкен тәжірибе мектебі болды. Өңір басшысы Ералы Лұқпанұлына, барлық әріптестерге ризашылығымды білдіремін. Қолдау көрсеткен барша Ақтөбе халқына алғысым шексіз.

Уақыт бір орнында тұрмайды. Әлі-ақ сіздермен бірлесіп бастаған жұмыстар қаламыздың дамуына оң әсерін береді деп сенемін. Арайлы Ақтөбемді еліміздің сәулетті шаһарларының қатарынан көретініме күмән жоқ. Қадірлі жерлестер! Мен үшін сіздердің алғыстарыңыздан артық бата жоқ. Ендігі жерде жаңа қызметте елімнің дамуына еңбек етуді жалғастыра беремін, –делінген Ақтөбе әкімінің баспасөз қызметкері Айгүл Бәйменова жариялаған Мұрат Жөребековтің сөзінде.

Еске салсақ, Мұрат Жүребеков 44 жаста. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын, «Strathclyde» университетін (Шотландия, Глазго қ.), «Басқарушы қызметкерлерге арналған бағдарлама» мамандығы бойынша Гарвард бизнес мектебін (АҚШ, Бостон қ.), 2019 жылы Қазақ-Британ техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы «ҚазТрансГаз» ЖАҚ Қарашығанақ жобасы бойынша департаменттің бюджеттік бақылау жөніндегі бас маманы ретінде бастаған. Түрлі жылдары «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, Лондон қаласындағы «Аджип ККО», «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «PSA» ЖШС қызмет еткен.

Ақтөбе қаласының тізгінін қолына алғанға дейін 2019 жылдың желтоқсанынан бастап Энергетика вице-министрі қызметін атқарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға