Жаңалықтар

Ақтөбе қаласы мен 6 ауданда төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе қаласы мен 6 ауданда төтенше жағдай жарияланды
Фото: ortcom.kz 08.04.2024 00:54 703

Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысындағы 6 ауданда төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев Орталық коммуникациялар алаңында өткен брфиингте айтты. 

Спикердің мәліметінше, өңірде су тасқыны салдарынан облыста 1053 тұрғын үй, 46 ғимарат пен құрылыстар, 232 аула және 689 саяжай үйлері зақымданған.

Жол учаскелерінің суға толып, шайылып кетуі салдарынан 13 елдімекенмен жол қатынасы үзілген. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қорғаныс министрілігінің инженерлік қызметімен Алматы облысынан жеткізілген уақытша понтон-көпір паркі Ойыл өзенінде орнатылды. Қазіргі таңда 27 елді мекенде 695 абонент тұрақты жарықсыз қалып отыр. Олардың 500-і тоқ беретін генератормен уақытша қамтылды,- деді Асылбек Есенбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға