Жаңалықтар

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов қызметінен босатылды

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов қызметінен босатылды
Фото: gov.kz 05.09.2023 13:26 886

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. Өңір әкімі облыстық мәслихат отырысында сайланды. Облыс басшылығына Ералы Тоғжановпен қатар Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың кандидатурасы ұсынылған болатын. 
Дауыс беру нәтижесі бойынша Ералы Тоғжанов 104 дауысқа (65%) ие болды. Ол президент жарлығымен ҚР премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде құқықтану, ҚР Ғылым академиясының мемлекет және құқық институтында заңгер мамандығы бойынша білім алған.

Әр жылдары декан, институт директоры, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Дін істер комитетінің төрағасы, Маңғыстау облысының әкімі, кәсіподақтар федерациясының төрағасы болған. 2020 жылдан бері премьер-министрдің орынбасары болып қызмет атқарған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға