Жаңалықтар

Ақтөбе облысының 2 ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе облысының 2 ауданында төтенше жағдай жарияланды
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі 08.02.2024 14:13 774

Хромтау және Әйтеке би аудандарында төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Оған Төтенше жағдайлар және полиция департаментінің басшылары, қала әкімі қатысты, 12 ауданның әкімдері бейнеконференц байланыс жүйесі арқылы онлайн қосылды.

Отырыста ауа райының қолайсыздығынан туындаған мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.

Қазіргі уақытта облыс аумағында қолайсыз ауа райы әлі де сақталуда. Жиын қорытындысы бойынша бүгінгі күні күрделі жағдай байқалып отырған Хромтау және Әйтеке би  аудандарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Екі ауданның әкімдіктері тиісті құжаттарды әзірлеп, жария етуі тиіс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға