Жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы қазіргі ахуал қандай

Ақтөбе облысындағы қазіргі ахуал қандай
Фото: Видеодан кадр 08.03.2024 22:01 902

8 наурызда сағат 17:00-де республикалық маңызы бар А-26 "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" автожолының 194 шақырымын еріген қар суы жолды басып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Автожолдағы жол төсемі бойынша еріген қар суының ені - 20 м., биіктігі - 3-5 см шамасында (алдын ала ақпарат бойынша).

Аталған учаскеде су өткізгіш құбыр жоқ. Су ағысын жою үшін ҚАЖсервис ЖШС-нің 10 жол жұмысшысы (ДЭУ-13 Шалқар), 4 арнайы техникалық құралдарды (1 самосвал, 1 тиегіш, 2 ДРС), 150 қап құм және қосымша 40 қап құм жұмылдырылды.

Сағат 20:00-да ҚАЖсервис ЖШС-нің (ДЭУ-13 Шалқар) күшімен су басу толығымен жойылып, қазір қауіп жоқ. Бақылау мақсатында тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылды. Осы учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы штаттық режимде жүргізіледі.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ компаниясы жолдарда мұқият болуды және қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға