gov.kz

Ақтөбе облысында жылумен жабдықтау мәселесі ерекше бақылауда

10.12.2022 19:20

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов жылыту маусымын өткізу мәселелерін бақылауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Халықтың арыз-шағымдары мен өтініштеріне назар аудару мақсатында өңір басшысы құрамына Ақтөбе облыстық және қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мекемесі, «ҚазТрансГазАймақ» өкілдері кіретін комиссия құрды.

Комиссия мүшелері тәулік бойы тұрғындар тарапынан түскен шақыртуларға барады, көгілдір отынды үздіксіз беру мәселелерін шешеді.

Қазіргі уақытта газ үйлерге үздіксіз жеткізіліп отыр.