Ақтөбе облысында жолда қалған тұрғындарды құтқару жалғасуда
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
09.02.2024 11:38
640
Ақтөбе облысындағы Хромтау ауданында қар құрсауында қалған адамдарды құтқару жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Хромтау ауданы аумағында төтенше жағдай режимі жарияланған соң аудандық төтенше жағдайлар бөлімі апаттық-құтқару жұмыстарына арнайы қар тазалау және жол талғамайтын техникалары арқылы Дөң тау-кен байыту комбинатымен бірлесіп, Хромтау-Қарабұтақ және Хромтау-Ақтөбе бағыттарындағы жолда қалған 292 азаматтарды жылыту пункттеріне жеткізді.
Сондай-ақ, өз еркімен эвакуациялаудан бас тартқан жүргізушілерге 751 азық-түлік дорбасы үлестірілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды