Жаңалықтар

Ақтөбе облысында жол апатынан ағайындылар қайтыс болды

Ақтөбе облысында жол апатынан ағайындылар қайтыс болды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 10.06.2024 17:09 6972

Ақтөбе-Астрахань тас жолында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

«Ақтөбе-Астрахань» тас жолының 156 шақырымында Opel Zafira автокөлігі қарсы бағытқа шығып, жол бойындағы қоршауға соғылған. Оқиға орнында 27 жастағы жүргізуші мен 21 жастағы жолаушы қайтс болды. Жол апатына жүргізушінің ұйықтап кетуі себеп болған.

Облыстық ПД-нің баспасөз қызметі өкілдері аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен Темір ауданы полиция басқармасында қылмыстық іс тіркелкенін мәлімдеді.

Жол апатынан зардап шеккен 32 жастағы тұрғын Темір аудандық ауруханасына жеткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға