Ақтөбе облысында жоғалған баланың бірі суға батып кеткен
28.05.2023 13:48
Фото:
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысында жоғалып кеткен екінші баланың денесі су астынан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірге қарасты Ырғыз ауданында кеше сыртқа шығып, кейін із-түссіз жоғалған балалардың бірінің мәйітін іздеушілер тауып алды.
28 мамырда сағат 1.25-те ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері 12 жасар баланың денесін судан 5 м тереңдікте және жағадан 6 м қашықтықта судан шығарды, - деп хабарлады жексенбіде өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
27 мамырда таңертең екі 12 жасар жасөспірім ауыл сыртына бұзау іздеуге бірге шығып, қайтып оралмаған болатын. Кейін өзеннен жоғалған балалардың бірінің денесі табылған еді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

