©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Ақтөбе облысында түлкі төрт жасар баланы тістеп алды

Маңдайы, мұрны мен аяғы жарақаттанған сәби жедел түрде Қобда аудандық ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Куәгерлің айтуынша, оқиға Жарық ауылындағы өзеннің маңында болған. Бала ол жерде ата-анасымен бірге жүрген.

Түлкі балаға аяқ астынан тап берген. Жануар ұсталып, өлтірілген.

Баланың жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігерлер жедел түрде түрде көмек көрсетті. Оған құтырғандыққа қарсы екпе салынды, - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінде.