Жаңалықтар

Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр

Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі 02.04.2024 21:46 587

Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Өңірдің кейбір аудандарында тұрғындарды эвакуациялау бүгін де жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап. 

Жалпы облыста 7 мыңға жуық адам қауіпсіз орындарға көшірілген. Эвакуациялық орталықтарда тұрғындарға азық-түлік, гигиеналық заттар, киім-кешек, төсек-орын дайындалып, орналасқандардың балаларына да жағдайлар жасалды.

Мұғалімдер, психологтар және ерікті жастар балақайлардың бос уақытын тиімді өткізу үшін қызықты ойындар ұйымдастырды.  Жергілікті атқарушы органдар тарапынан уақытша мектептерде орналасқан тұрғындардың қолайлы тұрмыс жағдайын ұйымдастыру жұмыстары облыс әкімі Асхат Шахаровтың тапсырмасымен жүзеге асуда.

Сондай-ақө, Ақтөбе облысының Қобда ауылында еріген судың жиналуына байланысты Қобда өзенінің арнасына суды айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға