gov.kz

Ақтөбе облысында су тасқыны маусымына дайындық жалғасып жатыр

Өңірде су тасқынына қарсы іс-шаралар барысына ауқымды мониторинг жалғасуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Сергеевич Ақтөбе облысы ТЖД-мен бірлесіп су тасқыны қауіпті аудандарға барып, инженерлік нысандардың дайындығын және жергілікті жерлерде жұмыстардың орындалуын бағалады.

Бүгінгі күні өңірде келесі көлемде инженерлік жұмыстар атқарылды: өзен арналарын жағалауын бекіту, тереңдету және тазарту – 4 шықырым, қорғаныс дамбалары мен бөгеттерін салу – 23 шақырым, қорғаныс дамбалары мен бөгеттерін жөндеу – 20,6 шақырым, нөсерлі кәріз жүйесін салу – 9 шақырым, су бұру арналарының құрылысы – 8 шақырым, арықтар мен каналдарды тазарту – 245 шақырым, арықтарды қазу – 7 шақырым, 89 су өткізу құбырлары мен құрылыстары орнатылып, жөнделді.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу ТЖМ мен әкімдіктің тұрақты бақылауында.