Ақтөбе облысында шетелдіктер жол апатынан зардап шекті
05.07.2023 07:30
Фото:
t.me/POLICE_of_KZ
ҚР ІІМ мәліметінше, оқиға Ақтөбе облысының Самара-Шымкент автожолында болған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
4 шілде күні Хромтау ауданы Қарлау ауылының маңында Ford Galaxy көлігінің 40 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдың жиегіне аударылды.
Салонда 8 адам болған. Олардың үшеуі кәмелетке толмағандар. Осы көліктің 7 жолаушысы, Тәжікістан Республикасының азаматтары, Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді, жүргізуші ауруханаға жатудан бас тартты.

