ҚР ТЖМ/Видеодан алынған кадр

Ақтөбе облысында шетелдіктер мінген автобус жолда қалған

Ақтөбе облысында полицейлер жолда қалған автобус жүргізушісі мен шетелдіктерге көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, салдарынан кеше түнде Ақтөбе облысында республикалық жолдар жабылды.

7 қарашада Қалыбай ауылының маңындағы Самара — Шымкент тасжолында Ресейден Тәжікстанға бағыт алған Van Hool рейстік автобус жолда тұрып қалды. Салонда 56 шетелдік жолаушы, оның ішінде 4 кәмелетке толмаған бала болды. Тәртіп сақшылары адамдарды эвакуациялап, кемпингке орналастырды, - делінген мәліметте.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.