Жаңалықтар

Ақтөбе облысында сарқырамада сенбілік ұйымдастырылды

Ақтөбе облысында сарқырамада сенбілік ұйымдастырылды
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі 02.05.2024 03:34 873

Табиғаты көркем Қарғалы ауданының керемет жерлерінің бірі «Қасқыр сарқырамасында» тазалық шарасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Біз таза Қазақстан үшін!» флэшмоб-плоттингіне Қарғалы ауданының әкімі Асқар Жүсібәлиев, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев, «Родина.KZ» ұйымының төрағасы Юрий Гончаров, «Eco Madeniet» волонтерлік қозғалысының көшбасшысы Айман Сексенова қатысты.

Таза Қазақстан» республикалық акциясына біздің аудан да үн қосты. Қазіргі уақытта туристер жиі келетін аумақ болғандықтан «Қасқыр сарқырамасы» аталып кеткен туристік аумақты қоқыстан тазалауды жөн көрдік. Экологиялық акцияға облыстық кәсіпкерлік басқармасының қызметкерлері, аудандық бөлімдер мен мекеме ұжымдары қатысты, — дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Тәженов.

«Eco Madeniet» волонтерлік қозғалысының көшбасшысы Айман Сексенованың айтуынша, экологиялық акцияға үлес қосу — әр тұрғынның азаматтық парызы.

Әдетте біз тек облыс орталығындағы сенбіліктерге қатысатынбыз. Бұл жолы Қарғалы ауданындағы Қасқыр сарқырамасына бардық. Таза ауамен тыныстап, сарқыраманы тамашалап, сол маңның тазалығына үлес қостық. Біздің волонтерлермен бірге кәсіби кологтар да белсене атсалысты, - деді Айман Сексенова.

Сонымен қатар ол өлкемізді таза ұстау үшін табиғат аясында демалғанда әрбіріміз отырған жерімізді шашпай-бүлдірмей, керісінше, тазалап кету мәдениетіне үйренуіміз қажеттігін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға