Ақтөбе облысында құтқарушылар жоғалған адамды аман тапты
27.12.2024 22:45
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары іздестіру-құтқару операциясын сәтті аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шалқар ауданындағы шаруа қожалығының 1986 жылы туған жұмысшысы Қауылжыр ауылына бағыт алып, жолда адасып кеткені туралы хабарлама құтқару қызметіне кеше келіп түскен.
Бүгін құтқарушылардың іздестіру жұмыстары оң нәтижесін берді. Ер азамат Шалқар қаласынан 47 шақырым қашықтықта аман-есен табылды. Оның денсаулығы жақсы, медициналық көмекке мұқтаж болмағаны анықталды.
Іздестіру-құтқару шарасына ТЖМ құтқарушылары, кинолог маман және «Сальма» атты арнайы үйретілген ит, сондай-ақ полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар қатысты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

