Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды
10.03.2024 12:43
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Ақтөбе облысы Темірбек Жүргенов кентінен 3 шақырым жерде, "Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай" автожолының 80-шақырымында жолаушылар автобусы бұзылып қалып, жолаушылары құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар техникалық ақауы бар көліктегі азаматтарды Т. Жүргенов ауылының мешітіне қоныстандырды.
Жолаушылар автобусында 17 азамат болды, олар Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары. Медициналық көмек қажет болмады, - деп жазылған ТЖМ таратқан ақпаратта.
Құтқарушылар алыс жолдарға шығу кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды қаперге салады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

