Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған өзбекстандық азаматтар құтқарылды
14.01.2024 01:41
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Ақтөбе облысындағы өткен тәуліктегі авариялық-құтқару жұмыстары кезінде шетелдік азаматтар қауіпсіз жерге жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының 965 шақырымында «Ташкент-Казан» қатынасымен жүретін жолаушылар автобусы ақаулығына байланысты бұзылып қалды. Автобус ішінде 55 Өзбекстан азаматы болды.
ТЖД күштерімен жолаушылар Қарабұтақ ауылының мешітіне көшірілді, медициалық көмек қажет болған жоқ.
Азаматтарға ауа-райының өзгеруін қадағалауға, ауа-райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер қойылған кезінде жолға шықпауға кеңес береміз. Автокөліктің техникалық жағдайын қадағалаңыздар.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

