Ақтөбе облысында полицейлер автотрассалардан көлік колонналарын шығаруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауа райының жақсаруына байланысты Самара-Шымкент (Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ бағыты) тас жолынан басқа барлық автожолдар ашық. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлік құралдарын сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастырды.
Қазіргі уақытта автожол қызметтерімен Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылы бағытындағы автожолды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жол учаскесін тазалауға жолдарда тұрған жүк көліктерінің көптігі қиындық тудырып отыр.
Полиция департаменті азаматтардан қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Ақтөбе облысында полицейлер қар құрсауында қалған жолаушыларды құтқарды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
09.02.2024 18:26
Фото:
Видеодан кадр
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

