Ақтөбе облысында полицей екі адамды көлікпен қағып өлтірді
Фото: El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Фото: El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
26.07.2024 11:34
773
Ақтөбе облысында мас күйінде көлік жүргізген полицей адамдарды қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде полиция қызметкері үйлену тойынан кейін мас күйінде көлік жүргізіп, рөлге ие бола алмай, жас жұбайларды қағып кеткені туралы ақпарат тарады. Екі адам да қаза болған.
Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Жол апаты дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп, жүргізуші қамауға алынды. Қызметтік тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша жеті жауапты қызметкер, оның ішінде тікелей басшылар атқаратын лауазымдарынан босатылды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға