Ақтөбе облысында ойын баласы суға құлап бақилық болды
03.06.2023 09:48
Фото:
ТЖД-нің баспасөз қызметі
Ақтөбеде 10 жастағы бала ойнап жүріп, суға құлап бақилық болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ойын баласын су астыан сүңгуірлер алып шыққан. Өңірдің ТЖД-нің ақпараты бойынша, қайғылы оқиға кеше сағат 18:26-да тіркеліп, 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Астана ауданы Айболит бау-бақша ұжымы ауданында баланың суға батып кеткені жөнінде хабарлама түскен.
Оқиға орнына сүңгуірлер жіберілді. Алдын ала ақпарат бойынша 10 жастағы бала ата-ананың қарауынсыз қалып, ойнап жүріп құлап кеткен. Жедел құтқару жасағының қызметкерлері сағат 19:05-те 10 жастағы ер баланың денесін судан шығарды. Оның үстінде киімі болған, - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

