© Pixabay.com

Ақтөбе облысында олимпиадаға бара жатқан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты

19.12.2023 14:16

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан екі оқушы мен мұғалім қайтыс болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысының Білім басқармасының мәліметінше, 19 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша шамамен 08:45-те Самара-Шымкент тасжолында, Ырғыз ауданы, Қызылжар ауылының маңында жол апаты болған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Алдын ала мәліметтер мен куәгерлердің сөзіне қарағанда, жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапқан: Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға бара жатқан екі оқушы мен бір мұғалім, - делінген Ақтөбе облысының Білім басқармасы хабарламасында.

Оқиға туралы қосымша ақпарат тағы да хабарланатыны айтылды.