Жаңалықтар

Ақтөбе облысында күйеуін пышақтап өлтірген әйел сотталды

Ақтөбе облысында күйеуін пышақтап өлтірген әйел сотталды
Фото: © Unplash 30.07.2024 13:37 646

Ақтөбе облысында күйеуін пышақтап өлтірген әйел сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алға ауданы Тамды ауылының 47 жастағы тұрғыны отбасылық жанжал кезінде күйеуінің кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұққан. Сотта әйел қанша рет пышақ сілтегенін есіне түсіре алмады. Ауыр жарақат алған ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Айыпталушы сол күні кешке күйеуімен шарап ішіп, ас дайындаған. Содан кейін үлкен ұлын алып, анасына баратын ойын айтқанда, күйеуі қарсылық білдіріп, балағаттаған. Тіпті, әйелдің киімін жыртып, өлтіретінін айтып қорқытқан. Жанжал соңы кісі өлімімен аяқталған.

Сотта әйел күйеуінің араққа салынғанын, бұған дейін бірнеше рет ұрып-соққанын жеткізді.

Сот әйелді күйеуін өлтіргені үшін 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға