t.me/qr_tjm/25055

Ақтөбе облысында көлік батпаққа тұрып қалған

ТЖМ құтқарушылары батпаққа тұрып қалған автокөлікті сүйреп шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауылының маңында құтқарушылар балшық массасына кептелген жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушыларына көмек көрсетті.

Оқиға туралы хабарлама 112 пультіне келіп түсті, тез арада оқиға орнына өтімділігі жоғары техникамен құтқарушылар жіберілді.

Арнайы техника мен сүйреу жабдығының көмегімен құтқарушылар көлік құралын жолдың тазартылған учаскесіне шығарды. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады.