Бейнежазбадан скриншот

Ақтөбе облысында екі науқас санавиация ұшағымен ауруханаға жеткізілді

24.10.2025 20:41

«Қазавиақұтқару» ұшқыштары санитарлық рейстерді орындап, көмекке мұқтаж науқастарға дер кезінде көмек көрсетті, деп жазады El.kz интернет порталы.

Бүгін күндіз санитарлық авиация экипажы шұғыл медициналық көмек көрсету аясында Ақтөбе - Хромтау - Ақтөбе бағыты бойынша екі рет ұшып шықты. Ұшуды әуе кемесінің командирі Айбек Нүфти басқарған экипаж орындады. Екі науқас Ақтөбе қаласына жеткізілді, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. 

Бұған дейін «Қазавиақұтқару» тікұшағы Екібастұз-Павлодар бағыты бойынша санитарлық рейсті орындаған болатын. ТЖМ мәліметінше, жаңа туған нәрестеге шұғыл түрде мамандандырылған медициналық көмек қажет болған