Ақтөбе облысында бір елдімекенге газ тартылды
05.11.2023 16:21
Фото:
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысында өткен жылы Қарғалы ауданы Әлімбет ауылын газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары басталып, жобаны аяқтау 2023 жылға жоспарланған еді. Аталған газдандыру жұмысы толық аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталған. Аудандық газ шаруашылығы газ желісіне зерттеу жүргізіп, нәтижесінде Әлімбет ауылы жаңа газ құбырын іске қосуға рұқсат алып отыр.
Аудан әкімі Асқар Жүсібалиев нысанды пайдалануға беру шарасына қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті. Көптен күткен көгілдір отын Әлімбет ауылының тұрғындары үшін енді қолжетімді болмақ. Игілікті іс үшін ауыл тұрғындары алғыстарын білдірген.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

