Ақтөбе облысында азық-түлік тиелген жүк көлігі өртеніп кетті
Мөлдір Қайнар тілші
17.06.2024 10:00
Фото:
ТЖМ
Ақтөбе облысында азық-түлік тиелген жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер жанып жатқан жүк көлігін сөндірген.
Ақтөбе облысының аумағында Ақтөбе-Атырау-Астрахань республикалық маңызы бар тасжолының 270-шақырымында азық-түлік тауарлары тиелген жүк көлігі жанды, - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ күштерімен өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

