gov.kz

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарынан киік мүйіздері тәркіленді

25.01.2023 20:49

24 қаңтар полиция қызметкерлеріне Ақши ауылының тұрғындары киік мүйіздерін заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тінту барысында 46 жастағы ер адамнан 4 киік мүйізі, еті мен 2 басы тәркіленді.

Ал 62 жастағы ер адамнан 6 дана киіктің мүйізі табылды.

Екі факті бойынша да ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-1-бабы “Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.