Ақтөбе облысында ауа-райына байланысты жабылған жолдар ашыла бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тек Ақтөбе-Орск тас жолының Ш.Қалдаяқов ауылынан РФ шекарасына дейінгі бөлігі жүк және қоғамдық көліктер үшін ғана жабық тұр. Басқа жолдар ашық.
Самара-Шымкент тас жолындағы жағдай да ерекше бақылауда. Әсіресе, адамдар көп қатынайтын Хромтау мен Ақтөбе арасындағы жеңіл көліктер мен жанармай, азық-түлік тасымалдушы ауыр техникаларды полиция таңертең сағат 08.00-ден бастап діттеген жерлеріне жеткізіп салып жатыр.
Сонымен қатар, Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылы бағытындағы жолды қар мен мұздан тазарту жұмыстары жүруде. Жол учаскелерін тазалауға жүк көліктерінің көптігі қиындық тудырып отыр.
Полиция департаменті азаматтардан қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Ақтөбе облысында ауа райына байланысты жабылған жолдар ашыла бастады
10.02.2024 16:17
Фото:
© Pixabay.com
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

