Жаңалықтар

Ақтөбе облысында 18 отбасы баспаналы болды

Ақтөбе облысында 18 отбасы баспаналы болды
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі 18.12.2024 07:37 143

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының Ырғыз ауылында жиырмаға жуық тұрғын баспаналы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әрқайсысы 8 пәтерлі 2 қабатты үш бірдей тұрғын үйде халықтың әлеуметтік осал тобына жататындар, мүгедектігі бар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған азаматтар қоныстанған. Сондай-аө, бірнеше пәтерге алда Ырғызға көшіп барған дәрігерлер орналаспақ.

Еске салайық, 2023 жылы облыс әкімі Асхат Шахаров Ырғыз ауданына жасаған сапарында аталған құрылыс нысанына барып, мердігерлерге жұмысты уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырған болатын. Жаңа тұрғын үйлердің кілтін тапсыру рәсіміне ауыл тұрғындары, еңбек ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары қатысты.

Шарада аудан әкімінің орынбасары Серік Қонақбаев және еңбек ардагері, Ырғыз ауданының құрметті азаматы Қуанышбай Кенжебаев, қуаныш иелерінің атынан ауыл тұрғыны Мөлдір Тасекенова сөз сөйлеп, көпшілікті құттықтады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға