Жаңалықтар

Ақтөбе облысына егін егу және оны жинау жұмыстарына 7 млрд теңге бөлінді

Ақтөбе облысына егін егу және оны жинау жұмыстарына 7 млрд теңге бөлінді
Фото: gov.kz 14.09.2024 21:03 468

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Ақтөбе облысында жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халықпен, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесуде егін жинауды ең оңтайлы мерзімде және бір қарқында жүргізу, сондай-ақ өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қабылданған шаралар талқыланды.

Ермек Кенжеханұлы Мемлекет басшысы агротехникалық және цифрлық технологияларды кеңінен енгізу, сапалы тыңайтқыштар енгізу, техниканы жаңарту деңгейін арттыру, сондай-ақ мал шаруашылығын, атап айтқанда, асыл тұқымды мал шаруашылығын қарқынды дамыту есебінен еңбек өнімділігін арттыру міндеттерін қойып отырғанын атап өтті.

"Ағымдағы жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен кредит беру көлемі жылдық "таза" 5 пайызбен 580 млрд теңгеге дейін жеткізілді.

Жеңілдетілген лизинг бағдарламалары қарастырылған, оны фермерлер отандық өндірістің ауылшаруашылық техникасын сатып алу үшін қолдана алады.

Ағымдағы жылдан бастап АӨК субъектілеріне жылдық "таза" 5 пайызбен сыйақы мөлшерлемесі бойынша кредит беру үшін қаржы институттарының сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялау тетігі енгізілді.

2025 жылы осы тектес айналым қаражатын сатып алуға қайта өңдеу кәсіпорындарын жеңілдікпен қаржыландыру іске қосылады",-деп атап өтті вице-министр.

Ақтөбе облысына егін егу және оны жинау жұмыстарына 7 млрд. теңге бөлінді. Егіс алқабы 402,9 мың га құрады, 119,1 мың га жиналды, 12,9 ц/га өнімділікте 153,9 мың тонна бастырылды.

Жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдары 19,5 мың тонна тыңайтқыш енгізді.

Жемшөп дайындау да жоспарлы режимде жүруде. 2,6 млн тонна шөп немесе бір жарым жылдық жоспардың 95,7%, соны ішінде 5,6 мың тонна пішен, 50 мың тонна сабан дайындалды. Егін жинау жұмыстарына өңірге 7,4 мың тонна дизель отыны бөлінді.

СҚО тәжірибесін тираждау бағдарламасы бойынша өңірде сүт-тауар фермасы салынды. Ағымдағы жылы 5,5 млрд.теңге сомасына тағы 5 жобаны іске асыру жоспарлануда.

"Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша ақтөбеліктерге 527 шағын несие беріледі. 2024-2026 жылдарға арналған АӨК инвестициялық жобаларын іске асыру жөніндегі жол картасы шеңберінде жоспарланған 110 жобаның 33-і биыл іске қосылады.

Фермерлер мемлекеттік қолдау шараларының арқасында өңірде АӨК-нің, әсіресе сүт пен ет өңдеу саласында оң даму қарқыны байқалатынын атап өтті.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер субсидиялауға, шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша квотаны ұлғайтуға, инфрақұрылымды жүргізуге, өнім экспортына және т. б. қатысты бірқатар өзекті мәселелерді айтты.

Жұмыс бағдарламасы аясында вице-министр 2010 жылы салынған және қуаты жылына 12,6 мың тонна сүтті құрайтын "Айс" сүт фермасына барды. Кәсіпорында сүтті толық басқаруды, есепке алуды, сондай-ақ саууды бақылау мен есепке алуды қамтамасыз ететін отарды басқарудың компьютерлендірілген жүйесі енгізілген.

Шырынды жем өндіру үшін суармалы жерлердің ауданын 1780 гектарға кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді, "ақылды" суарудың жаңа технологиясы бар 12 суару машинасы орнатылды.

Ферманың аумағында қуаттылығы жылына 46,3 мың тонна өнім өндіретін сүт өңдеу зауыты орналасқан. Кәсіпорын "БЖК 2025" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламалары аясында мемлекеттік қолдауға ие болды.

Вице-министрдің жұмыс сапарының соңғы нысаны қуаттылығы 2500 тонна жүн өңдеу зауытының құрылыс алаңы болды. Жобаның құны 6 млрд. теңгені құрайды, дайындығы-40%, іске асыру мерзімі-2024 жылғы желтоқсан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға