Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
14.12.2024 01:33
Фото:
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысының 2025 жылға арналған негізгі жоспарлары белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Келер жылы өңірдің экономикалық өсімі кемінде 103% деңгейінде қалыптастыру үшін өнеркәсіп бойынша 2 трлн теңгенің өнімі өндіріледі. Сондай-ақ, облысқа 1 трлн теңгеге жуық инвестиция тартуға негіз бар, - деді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.
Оның айтуынша, нормативтік жағдайдағы автожолдардың үлесі 80%-ға жеткізіледі. Инженерлік инфрақұрылым бойынша келесі жылы 5 мыңнан астам халқы бар 11 ауылға ауыз су жүргізіп, таза ауыз сумен жабдықтау мәселесі толықтай шешілмек.
Сондай-ақ 9,8 мың халқы бар 24 ауылды газдандыру арқылы газбен қамту деңгейін 96,8%-ға дейін жеткіземіз. Бұдан басқа, 2025 жылы барлық қаржыландыру көздерінен 975 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарда бар, - дедіол ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына сәйкес 11 нысан жүзеге асырылады. Сондай-ақ, 7 денсаулық сақтау нысанның құрылысы жүргізіледі. Білім нысандары бойынша 3 үш ауысымды, 2 апатты мектептер мәселесін шешу мақсатында 16,4 мың оқушыға арналған 27 жаңа мектеп салынады және бір 300 орындық балабақшаның құрылысы басталады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

