Жаңалықтар

Ақтөбе облысы 93,6%-ға газбен қамтылды

Өңірде 869 мыңға жуық адам табиғи газға қол жеткізді
Ақтөбе облысы 93,6%-ға газбен қамтылды
Фото: gov.kz 07.03.2023 00:10 1367

Ақтөбе облысы 93,6%-ға газдандырылған, деп хабарлайды El.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Өңірдің 869 мыңға жуық тұрғыны бүгінде табиғи газға қол жеткізген.

Былтыр министрліктің бюджеттік бағдарламасы аясында 16 жобаны іске асыруға 6,1 млрд тг бөлінген. Оның ішінде 7 жоба аяқталды. Тиісінше 4,4 мың адам тұратын Құттыкөл, Жарсай, Терісаққан, Сарат, Үшқатты, Алтықарасу, Жаңаталап елді мекендері табиғи газбен қамтылды.

2023 жылы 7 жобаны іске асыруға 6,7 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Оның ішінде биылдың өзінде 4 жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Бұл Аманкөл, Байтұрасай, Қаратаусай, Мұғалжар ауылдарын немесе 3 мыңнан астам адамды табиғи газға қосуға мүмкіндік береді.

Ал мемлекеттік теңгерімдегі газдың алынатын қорлары шамамен 153,6 млрд текше метрді құрайды.

Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және күрделі жобаларды әзірлеуге қосымша инвестициялар тарту, жағдайлар жасау үшін жаңа тетік – күрделі мұнай-газ жобалары үшін реттеушілік және фискалдық преференцияларды көздейтін жақсартылған модельдік келісімшарт енгізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға