Ақтөбе мен Қызылорда облыстарында жолдар жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе мен Қызылорда облыстарындағы республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтар болсақ, "Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы" автожолының 23-99 шақырым аралығындағы учаскесі ("Экоойл" жанармай стансасы - РФ шекарасы) мен "Самара-Шымкент" автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін) жол жабылды. Ал Қызылорда облысы аумағындағы "Самара-Шымкент" автожолының 1240-1357 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қ.) көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, екі өңірдегі бұл жолдар 19 желтоқсан сағат 06:00-да ашылады деп жоспарланып отыр.